RU

Керчьте қаза болған бойжеткеннің сүйген жігіті терезеден секіріп кетті

Керчьтегі қанды оқиғада қайтыс болған Виктории Демчуктің сүйіктісі көп қабатты үйдің терезесінен секіріп, өз өміріне қол жұмсамақ болған деп хабарлайды Звезда порталына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: Milat Gazetesi
Фото: Milat Gazetesi: UGC

Бойжеткеннің сүйген жігіті Армен Бадалян 20 қазан күні терезеден секіріп кеткен. Ол суицидке барарадың алдында әлеуметтік желіге "Викторияны сүйемін" деген жазба қалдырған. Қазіргі таңда ер жігіттің аман қалғандығы белгілі болған. Алайда оның омыртқасы сынған. Бүгінде Армен Бадалянға ота жасалған.

Айта кетейік, Керчьтегі политехникалық колледжде 18 жастағы студент ұйымдастырған жарылыстан 21 адам қаза тауып, 50-ден астамы зардап шеккен еді.

Тергеушілер "теракт" бабы бойынша қылмыстық іс қозғаған. Жарылыс ұйымдастырған жігіт кейін өз-өзін атып жіберген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1759025-kercte-kaza-bolgan-bojzetkenni-sjgen-zigiti-terezeden-sekirip-ketti.html