RU
Жас келіннің бетін әйел адамға аштырған қазақтар елді шошытты
Жаңалықтар Қоғам

Жас келіннің бетін әйел адамға аштырған қазақтар елді шошытты

Рассказать Вконтакте

Жас келіннің бетін әндетіп ашқан әйел адамның видеосы желіде таралып кетті. Оқырмандар беташарды ер адамның ашу керектігін айтып, салтта жоқ әрекетке күйінді деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: Видеодан кадр

Фото: Видеодан кадр

Еліміздің қай өңірінде түсірілгені белгісіз видеоны желі қолданушылары қызу талқыға салған.

Күнделікті көз үйренген беташарға ұқсамайтын бұл өзгешелікті қазақстандықтар сынап тастаған.

"Жас келіннің бетін ер адам ашу керек", "Неге сәлем салмайды мына келін?", "Орамалды қыздар қалай ұстап алған", "Орамалды желпілдеткен, беташар болады ма?".

"Қаймағы бұзылмаған қазақтың беташарына не жетсін!", "Салтты білмейтіндердің ісі шығар", "Мыналары ұят болыпты", "Үлкен кісілерден жөн сұраса қайтер екен", "Беташарды да осылай өткізеді ме?" деп жарыса пікір білдірген оқырмандар.

Айта кетейік, осыған дейін тойдың қақ ортасында "өлген" әжей туралы айтқан болатынбыз.

Сіздің реакцияңыз
21
1
1
0
0
6
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel