Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Көңілім жас": Бидің түбін түсірген Дана Нұржігіт желіні жарды (видео)

Опубликовано:

Түрлі телебағдарламаларды тізгіндеп, көрермен көзайымына айналған жүргізуші Дана Нұржігіт желідегі оқырмандарын таңғалдырды. Жүрекжарды жазбалары мен қызықты әңгімелерін жиі жариялайтын ол бұл жолы ерекше видеосымен бөлісті деп хабарлайды NUR.KZ.

Танымал тележүргізуші таңғы түсірілім алдында жалғыз өзі билеп алған.

"Сіздердің де көңіл күйлеріңіз көтерілсін деген оймен салып жатырмын. Көңілім жас қой, жас", - деген Дана ханым ұйқысын аша алмай жатқанын да жасырмаған.

Бұған дейін салмақты жобаларға жетекшілік еткен журналистің бұл видеосы желі қолданушылары арасында қызу талқыға түсті.

900-ден аса пікір жазылған аталмыш видео Дана Нұржігіттің оқырмандарын таңғалдырмай қоймаған.

"Дана апай өте əдемі би, əдемі қозғалыс, бəрі жарасып тұр. Жарайсыз үнемі осындай көтеріңкі көңіл күйде жүре беріңіз", "Керемет! Тамаша көңіл-күй! Супер музыка! Өмір- теңіз! Жүзгің келсе өзіңе, кеме жаса кілең игі істерден! Жарайсыз, Дана! Талантты адам бар нәрседе де талантты! Күшті би!", "Керемет, сөкеттік ештеңе жоқ. Жаным, тек алға. Бақытты болыңыз!", - деп ойларымен бөлісті көпшілік қауым.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1759129-kilim-zas-bidi-tbin-tsirgen-dana-nrzigit-zelini-zardy-video/

pixel