Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Танымал жұлдыздардың жолын қуған ұл-қыздары кімдер?

Опубликовано:

NUR.KZ назарларыңызға еліміздегі атақ-абыройы асқақтаған өнер иелерінің "жұлдызды" балаларын ұсынады. Олардың бірі ата-анасының жолын қуып әншісі болса, енді бірі актрисалық қырымен ел есінде қалған.

Фото: Айсәуле Бақытбектің, Оқапов пен Айжұлдыздың, Әбілқайырдың парақшасынан алынды
Фото: Айсәуле Бақытбектің, Оқапов пен Айжұлдыздың, Әбілқайырдың парақшасынан алынды: UGC

Бұл тізімде Баян Алагөзованың тұңғышы Айсәуле Бақытбек пен Роза Рымбаеваның қос ұлы, Жанар Айжанованың жалғызы бар.

Көпшілік оларды алдымен ата-анасының арқасында танып, білген.

Айсәуле Бақытбек - 22 жастағы бойжеткен бүгінде күйеуімен бірге білдей бір сайтты басқарып отыр. Осыған дейін жұртшылық кішкентай қызды тек анасының атақ-абыройының арқасында ғана танып келген.

Әли Оқапов - халық әртісінің ұлын да көпшілік сахнаға анасының қолдауымен сахнаға шықты деп болжады. Бұрындары жұрт оны тек Роза Рымбаеваның баласы деп қана білсе, қазір оның композиторлық қырын да байқаған.

Айта кетейік, сері жігіт әлі күнге шаңырақ көтермеген. Анасынан бөлек үйде тұратын Оқаповтың өзінен кейінгі інісі де өнер жолын қуған.

Италиялық қызды жар еткен Жұбаныш Жексенұлының баласы да әке жолын қуған. Әбілқайырдың орындауында бірнеше әндері де бар. Алайда әншінің баласы өнер әлемінде қаншалықты таныс екені әзірге белгісіз.

Өзінің ерекше дауысымен танымал әнші әрі актриса Жанар Айжанованың да жалғыз қызы бүгінде елдің назарынан тыс қалмаған. Бастапқыда тек өнер иесінің қызы ретінде танылған Айжұлдыздың бүгінде Instagram парақшасындағы оқырмандар саны 700 мыңнан асып кетеді.

Өнер иесінің сұлуы жұртқа өзінің актрисалық, дизайнерлік қырын танытып үлгерген.

Айта кетейік, өнер иелерінің жаңа әндерін біздің MusicNur қосымшасынан тыңдай аласыздар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1759149-tanymal-zldyzdardy-zolyn-kugan-l-kyzdary-kimder/

pixel