RU
Отандық БАҚ-қа Chartbeat аналитика құралдарын қолдануға мүмкіндік беретін жоба Қазақстанда басталды
Жаңалықтар Пресс-релизы

Отандық БАҚ-қа Chartbeat аналитика құралдарын қолдануға мүмкіндік беретін жоба Қазақстанда басталды

Рассказать Вконтакте

Жоба аясында 25 қазақстандық онлайн-басылым өз оқырмандарының аудиториясын кеңейту үшін әлемдегі жетекші БАҚ қолданып отырған ең жаңа құралдарға қол жеткізетін болады. Жобаның операторы – Қазақстан Баспасөз клубы. Жоба Қазақстандағы АҚШ Елшілігі арақлы Инновациялар қоры есебінен қаржыландырылуда.

Отандық БАҚ-қа Chartbeat аналитика құралдарын қолдануға мүмкіндік беретін жоба Қазақстанда басталды

Деректерді талдау саласындағы ең озық Chartbeat компаниясы нақты уақыт тәртіптемесінде қолданушылардың сайт ішінде, сайттың жеке парақшасына және сайттың нақты элементтеріне қаншалықты зейін бөлетіндігін қадағалап отыруға мүмкіндік беретін аналитика құралдарын ұсынады.

Екі негізгі параметр бойынша өлшемдер жасалады: recirculation (қайта оралу, сайт парақшаларына өту, парақшалардағы элементтермен өзара әрекеттесу) және engaged time (қолданушылардың сайтта өткізетін белсенді уақыты, сессияның ұзақтығы).

Chartbeat-тің ұсынатын басты инновациялары:

· Нақты уақыт тәртіптемесінде редакциялық аналитиканы жүргізу;

· Оқырмандардың контентке деген қызығушылығына және контентті қарау уақытына (engaged time) басты көңіл бөлу;

· Әлеуметтік «ақпараттық дүмпу» мәселесін шешу;

· Редактор өз материалдарының тиімділігін қадағалай алады.

Chartbeat сервисін әлемнің 60-тан аса еліндегі USA Today, CNN, The New York Times, Vox, Fox News Channel, The Washington Post, MSN, BBC, Le Monde, Ringier, The Independent, El Tiempo, Caracol Television, Nikkei America, Media Prima сынды көшбасшы БАҚ қолданып отыр.

Жоба аясындағы байқау негізінде қазақстандық 25 онлайн-басылым іріктеп алынып, олар Қазақстан нарығында бірінші болып Chartbeat құралдарын аудиторияны талдау үшін тегін қолдануға мүмкіндік алады. Жобаның бірінші жылына қатысқан 25 БАҚ-қа Chartbeat екінші жылы 70%-дық шегерімді ұсынады. Сондай-ақ, жоба қатысушылары оқудан өтіп, компания өкілдерінен тегін кеңес ала алады.

Жобаны айқын жүргізу және оған мониторинг жасау мақсатында құрамына отандық медиа-сарапшылары кіретін тәуелсіз Қамқоршылар кеңесі құрылады. Кеңестің төрағасы медиа саласындағы танымал маман Михаил Дорофеев болып сайланды.

Жобаға қатысу туралы өтінімдерді қабылдау 2018 жылдың 6 қарашасына дейін (осы күнді қоса алғанда) жалғасады.

Жоба аясында байқауға қатысушылар бір ауыздан шешіп, Ортақ есептегішті (панель) құратын болады. Бұл панель арқылы жарнама берушілер сайттың танымалдығына қатысты сенімді деректерді ала алады.

Chartbeat құралдарын редакция жұмысына ендіру отандық БАҚ-қа өз аудиториясын дұрыс талдап, жақсырақ түсінуге, онлайн-өлшеудің барынша дәл әдістерін қолдануға және де контент сапасын көтеруге көмектеспек. Жоба редакциялық саясатта метрикалардың қолданылуын кеңінен тарату арқылы онлайн-нарықтың жалпы кәсіби деңгейін көтереді. Заманауи әдістерді қолдану отандық БАҚ-тың оқырмандар аудиториясын кеңейтіп, жарнамадан түскен табысты ұлғайтуға мүмкіндік береді деп күтілуде.

Сіздің реакцияңыз
0
1
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel