RU
Депутаттар мен жұлдыздар Комсомолдың 100 жылдығын дүркіретіп атап өтті (фото, видео)
Жаңалықтар Қоғам

Депутаттар мен жұлдыздар Комсомолдың 100 жылдығын дүркіретіп атап өтті (фото, видео)

Рассказать Вконтакте

21 қазан күні Абай атындағы опера және балет театрында комсомолдың 100 жылдығы дүркіретіп атап өтілді. Сыйлы қонақтардың арасында Қазақстанның Ресейдегі елшісі Иманғали Тасмағамбетов, сенат және мәжіліс депутаттары Бірғаным Әйтімова, Бақытжан Жұмағұлов, Қуаныш Сұлтанов болды деп жазады NUR.KZ.

Facebook

Фото: Facebook

Салтанатты концертте кеңес эстрадасының жұлдыздары Әлібек Дінішев, "Дос-Мұқасан", Роза Рымбаева, Нағима Есқалиева және Борис Щербаков өнер көрсетті.

Facebook

Фото:Facebook

Комсомол ардагерлеріне бүкілодақтық лениншіл коммунистік жастар одағының 100 жылдық мерейтойына орай естелік медальдар сыйға тартылды.

Олардың арасында Ресейдегі елші Иманғали Тасмағамбетов, сенат депутаты Бірғаным Әйтімова, Бақытжан Жұмағұлов, мәжіліс депутаты Қуаныш Сұлтанов және "Тұран" университетінің ректоры Рахман Алшанов та болды.

Facebook

Фото:Facebook

"Бізді қолдап, облыстардағы кездесулерімізге рұқсат берген президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа шексіз ризашылығымызды білдіреміз."
"18 жасында Теміртауға келіп, сол кездегі ең ірі құрылыс орнында жұмыс істей бастағанын бәріміз білеміз. Ол маңдай алды жұмысшы болып танылған", - деді комсомолдықтардың бірі өз сөзінде.
Facebook

Фото: Facebook

Естелік белгімен марапатталғандардың әрқайсысы басшы қызметінде отырып, лениншіл жастарды ұйымдастыруда белсенді болғаны белгілі.

Сіздің реакцияңыз
22
2
4
0
0
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel