Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Астанада жеті баласымен жалғыз қалған ана жанайқайын жеткізді (фото)

Опубликовано:

34 жастағы астаналық келіншек бүгінде жеті баласымен бірге құлағалы тұрған бір бөлмелі үйде тұрып жатыр. Жеті баласы бола тұра, ішімдікке салынып кеткен күйеуінен еш көмек жоқ екенін айтқан келіншек отбасы "өлместің күйін кешіп отырғанын" жасырмай айтты. Айтуынша, жеті баласының үшеуінің денсаулығында ақау бар деп жазады NUR.KZ тілшісі.

Астанада жеті баласымен өлместің күйін кешіп отырған ана жанайқайын жеткізді (фото)
Зульфия шиеттей балаларымен. Коллаж: NUR.KZ: UGC

Зульфия шиеттей отбасымен бірге елордадағы "Хан Шатыр" сауда кешені маңындағы саяжайда жан бағуда. Үлкен баласының жасы 13-те болса, кішісі қараша айында бірге енді келеді. Бүгінгі күні көпбалалы ананың бар мақсаты - балаларын аяққа тұрғызып, науқас балаларын емдету.

Астанада жеті баласымен өлместің күйін кешіп отырған ана жанайқайын жеткізді (фото)
Фото: NUR.KZ: UGC
"Кіші балам бірде, үлкенім сегізінші сыныпта оқиды. Өзім 19 жасымда тұрмысқа шыққанмын. Құдайға шүкір жеті балам бар. Үш балам науқас, екі қызым ауырып, екеуіне де психикалық дамуында ауытқу бар деген диагноз қойды. Ал сегіз жастағы ұлым аутизммен ауырады.
Астанада жеті баласымен өлместің күйін кешіп отырған ана жанайқайын жеткізді (фото)
Фото: NUR.KZ: UGC

Былтыр осындағы қайырымдылық қорларының көмегімен оны тегін маманға апарып көрсеткенмін. Маманның арқасында кішкене болса да, сөйлейтін болды. Енді оны емдетіп, сауықтыру орталығына апару үшін де жүгіру керек. Ал мен болсам, кішкентай баламмен шыға алмаймын", - дейді Зульфия.

Келіншектің айтуынша, ол ішімдікке салынып, балаларын ұрып-соғатын күйеуінен ажырасуға бекінгеніне бірнеше ай болған.

Астанада жеті баласымен өлместің күйін кешіп отырған ана жанайқайын жеткізді (фото)
Фото: NUR.KZ: UGC
"Жолдасым өзімнен тоғыз жас үлкен. Қазір қырық алтыда. Бірақ ол ішімдікке салынып кеткеніне біраз болды. Балаларымды ұра бастады. Сондықтан, бар ерік-жігерімді жинап, ажырасуға бекіндім", - дейді ол.

Қазіргі күні Зульфия 20 мың теңгеге бір бөлмелі ескі үйде тұрып жатыр. Дегенмен, баласы жасқа да толмаған ана әлі көмірге ақша табуы керек. Алда астананың қақаған аязы келе жатыр. "Қыста үйіңіз жылына ма?" деген сұраққа Зульфия үйінің түпкі бөлігінде мұз қатып қалатын кездер болатынын жасырмады.

"Үйіміз, құдайға шүкір, жылы. Бәріміз осы пеш тұрған бөлменің айналасына жылынамыз. Бірақ, кейде бөлменің жоғарғы жақ бұрышына мұз қатып қалатын кездер болады. Ол қиындықтан да өтерміз. Балаларым өсер", - деген ана жақсы өмірден үмітін еш үзбейтінін айтты.

Зульфия мен оның отбасына көмек көрсетемін деушілер + 7 707 713 24 01 нөміріне хабарласуына болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1759250-astanada-zeti-balasymen-zalgyz-kalgan-ana-zanajkajyn-zetkizdi-foto/

pixel