RU
Астаналық депутат "ТМД-ның үздік моделі" байқауында ел намысын қорғамақ (фото)

Астаналық депутат "ТМД-ның үздік моделі" байқауында ел намысын қорғамақ (фото)

Рассказать Вконтакте

Астанадағы жастар мәжілісі VII шақырылымының депутаты Динагүл Тасова "ТМД-ның үздік моделі" сұлулық байқауының финалына жолдама алды. Бойжеткен енді Арменияда өтетін шарада Қазақстанның намысын қорғайтын болады деп хабарлайды Sputnik Қазақстанға сілтеме жасаған NUR.KZ.

ТМД елдері ішіндегі сұлулық байқауына 16 мемлекеттен 30 модель қатысады деп жоспарлануда.

Айта кетейік, "ТМД-ның үздік моделі" байқауында арулар екі апта бойы түрлі сынақтардан өтеді. Сондай-ақ өз мемлекеттерінің ұлттық ерекшелігін де көпшілікке таныстырады.

Динагүл журнлаистика мамандығын аяқтап, елордадағы сайттардың бірінде менеджер болып қызмет атқарады.

Ал модельдік саланы бастағанына көп болмаған.

Сонымен қатар жастар мәслихатының депутаттығына да биылғы жылы сайланған екен. Динагүл депутаттыққа қол жеткізу үшін "Рухани жаңғыру" аясында өзі жасаған жұмысты қорғап шыққан.

Айта кетейік, "ТМД-ның ең үздік моделі" байқауы Арменияда осымен екінші жыл қатарынан өтіп жатыр.

Сіздің реакцияңыз
0
1
1
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel