Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Мен қазақпын, анам - орыс": Дағыстан басшысы өз өмірі жайлы ашық айтты

Опубликовано:

Дағыстан басшысы Владимир Васильев ТАСС басылымына сұхбат беріп, өзінің қазақы түп-тамыры туралы айтып берді деп хабарлайды NUR.KZ.

Владимир Васильев. Фото: ТАСС
Владимир Васильев. Фото: ТАСС: UGC

Соңғы 70 жыл ішінде республика басшылығына өзге ұлттың тумасы алғаш рет отырған. Ресей Федерациясы мемлекеттік думасының бұрынғы төраға орынбасары 2018 жылдың қыркүйек айынан бастап Дағыстанды басқарып келеді.

"Біздің елде ұлтыңның кім екенін анықтап жату - соншалықты маңызды емес. Сіздер мені қай ұлттан деп ойлайсыздар? Мен қазақпын, анам - орыс. Бірақ әкемнің туған жерінде тұрған жоқпын. Мәскеу маңында өстім", - деді ол өз сұхбатында.

Көшбасшы туылғанда есімін Асанбаев Алик Абдуллаұлы деп қойған екен. Журналист одан өмірбаянын айтып беруді өтінген.

"Анам Мәскеу маңындағы Клинск ауданында туылған. Загорсктегі педагогикалық техникумды бітірген соң әпкесінің кеңесі бойынша, Қазақстанға оқу тәжірибесінен өтуге барады. Онда әкеммен танысып, үш бала босанады.

Әкем ол кезде мектеп директоры болыпты. Алайда кейінірек олар ажырасып кетеді де, анам қайтадан Ресейге келген. Әкем өз отанында қалған. Бірақ ол бізді ешқашан ұмытқан емес, үнемі келіп, үш ұлын көріп тұратын.

Ол өмірден өткен кезде мен екінші сыныпта оқитынмын. Сол кезде Ташкенттегі заң факультетінде оқып жүрген ағам Юрий мен анам екеуі әкемді жерлеуге барып келді", - дейді Дағыстан басшысы.

Оның айтуынша, әкесі қайтыс болып, анасы көшіп кеткен соң қандас туыстарымен де байланыс үзіліп қалған. Қазір Қазақстанда туыстарына қарағанда достары көп екенін айтады.

"Анаммен бірге Голышкино ауылында тұрдық. Мен Володя, Саша және Колялардың арасындағы Алик Асанбаев едім. Бұл соншалықты оңай да болған жоқ. Ойлап көріңізші, Голышкинода тұратын қазақ", - дейді ол.

Басшы өзіне жеке құжат аларда анасымен ақылдасып, тегін өзгерту туралы шешім қабылдағанын да жасырмады.

"Бұл анамның тегі. Паспорт алған кезде осылай ауыстырдым. Анам екеуіміз бұл шешімді дұрыс деп санадық - аты-жөнім орысша болғанымен, тегім әкемдікі", - деп ашығын айтты Васильев.

Халық даусы >>

Онлайн дауыс беру арқылы ең үздік қала мен ең мықты әкімді таңдаңыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1759492-men-kazakpyn-anam-orys-dagystan-bassysy-z-miri-zajly-asyk-ajtty/

pixel