RU

"МС Сайлаугүл": Орамалмен рэп оқыған Сара Амангелді талқыға түсті (видео)

Отандық танымал әнші Сара Амангелді рэп оқимын деп көпшіліктің сынына ұшырады. Желіде оның орамалды келін кейпінде ағылшынша ән орындаған видеосы таралып кеткен деп жазады NUR.KZ.

Сара Амангелдінің рэп оқыған бейнежазбасы ғаламтор кеңістігінде қызу талқыға түсті.

Желі оқырмандары әншінің қылығын қазақ қызына ерсі деп санап, оны сынап тастаған.

Видеоны тамашалағандар Сараның ауылды жерде белгілі бір түсірілімде жүргенін байқап қалыпты.

"Сайлаубектің қарындасы ғой мынау", "Айналайын-ау күншуақта не отырыс бұл? Әлде мода ма?", "МС Сайлаугүл", "Колхозница", "Касета сияқты шайнап кетті", "Сайлаубек еркек сәл болса да жарасады, ал әйел адамға түк жараспайды екен. Еще айдалада отыр" , - деп жазуда желідегілер.

Айта кетейік, Сара Амангелдінің әндерін біздің MusicNur қосымшамыздан тыңдай аласыздар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1759551-ms-sajlaugl-oramalmen-rep-okygan-sara-amangeldi-talkyga-tsti-video.html