RU
Ескендір Сүлейменовтың анасы айыпталушыдан неге 14 млн теңге талап еткенін айтты

Ескендір Сүлейменовтың анасы айыпталушыдан неге 14 млн теңге талап еткенін айтты

Рассказать Вконтакте

Алматыдғы жол көлік оқиғасынада көз жұмған Ескендір Сүлейменовтың анасы Лейла Сүлейменова апат бойынша айыпталып жатқан Малика Мұхитовадан неліктен 14 миллион теңге материалдық шығынды өтеуін талап еткенін түсіндіріп берді. Бұл туралы NUR.KZ хабарлайды.

Коллаж: NUR.KZ

Коллаж: NUR.KZ

Айта кетейік, бүгінгі сот отырысында Сүлейменованың қорғаушысы айыпталушыдан материалдық шығынды өтеуді талап еткен арызды оқыған болатын.

Осыдан кейін марқұмның анасы журналистермен байланысқа шығып, өз әрекетінің себебін түсіндіріп беруді жөн санапты.

"Материалдық шығын бойынша арыз туралы БАҚ-та жарияланған жаңалықтарға жұрттың түрлі пікір жазып жатқанын байқадым. Баласының өмірін бағалапты деп жатқандар да бар екен. Бұл мүлдем ондай емес, біз негізі ешқандай шығынның орнын толтырып алуды көздемейміз. Заң талаптары сондай болғандықтан, судья бізге материалдық шығынды көрсетіңдер деп міндеттеп қойды. Бірақ бізге олардан материалдық шығын да, басқа нәрсе де керек емес. Тек соттың шешімі әділ болып, ол қыз (Мұхитова) тиісті жазасын алса дейміз. Айтарым сол ғана", - дейді Лейла Сүлейменова.

Еске салсақ, 29 жастағы Малика мұхитова 22 маусым күні өз көлігімен жүйткіп келіп, Ескендір Сүлейменовпен соқтығысқаны үшін айыпталуда.

Қайғылы оқиғада ақынның немересі оқиға орнында мерт болған еді.

Осыған дейінгі сот отырысында Малика Мұхитова кінәсін толық мойындап, шығынды өтеуге дайын екенін айтқан болатын. Сонымен қатар, ол көз жасын тыя алмай, марқұмның ата-анасынан кешірім сұраған.

Сіздің реакцияңыз
2
1
1
6
0
1
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel