Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандық әнші қаржы пирамидасын құрды деп күдіктеліп жатыр

Опубликовано:

Астаналық полицейлер "Ақжайнақ" халық әнін орындайтын қазақстандық әнші қаржы пирамидасын құрды деп күдіктеніп отыр. Бұл туралы Елорда Инфо хабарлайды.

Көрнекі фото: sozh.info
Көрнекі фото: sozh.info: UGC

Елордалық құзырлы органның мәліметінше, 2018 жылы "У" деген азаматша материалдық тұрғыдан жағдайы төмен адамдарға көмек бергісі келетіндегін айтып өзі орындайтын "Ақжайнақ" әнінің атымен қаржы ұйымын құрған.

Бұл ұйымға қатысушы 20 мың жарна құйып және екі адамды тартса, ол адам екі есе ақша алатыны айтылған

Аталмыш ұйым осы жылдың тамыз айының бас кезеңіне дейін жалғасып, салдарынан бірнеше адамға материалдық шығын келтірілген.

Алдын ала тергеу барысында анықталғандай, 2018 жылдың 17-18 шілдесіне дейін ақша салған адамдар өз ақшаларын өсіммен екі еселеп алып, кейінгі салған адамдар ақшасыз қалып отыр.

Қазір полицейлер әншіге қатысты "Алаяқтық" бабымен іс қозғаған.

Сонымен қатар тәртіп сақшылары қазақстандықтарға белгісіз тұлғалардың әртүрлі ұсынымдарына сенбеуге, адамдардың және ұйымның заңды құжаттарына көз жеткізбей, мемлекеттік ұйымдардан заңдылығын тексермей жатып, ешқандай ақша және құнды заттарды ұсынбауға шақырды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1759757-kazakstandyk-nsi-karzy-piramidasyn-krdy-dep-kdiktelip-zatyr/

pixel