RU

"Кешьюден" кетіп қалған Элизат Берікова тұрмысқа шықты (фото, видео)

"Кешью" тобында өнер көрсеткен Элизат Берікова тұрмысқа шықты. Баян Алагөзованың қол астында жұмыс істеген арудың отау құрғанын оның жақын құрбысы Сара Амангелді хабарлаған деп жазады NUR.KZ.

Атышулы топтың құрамынан кетіп қалған бойжеткеннен біраз уақыт бойы хабар болмады. Элизат әлеуметтік желідегі парақшасын өшіріп тастап, ел алдына шықпай кетті.

Бүгінде, арудың топтан кетуінің басты себебі белгілі болды. Әнші қыз өнер жолынан гөрі отбасылық өмірді қымбат көрсе керек.

Instagram-ға қайта оралған Элизат өз парақшасына қуанышты күнінен видео және суреттер жүктеді. Сонымен қатар құрбысының отау құрғанын "Кешьюдің" тағы бір бұрынғы әншісі Сара Амангелді хабарлаған.

"Жаным бақытты бол. Ең әдемі қалыңдық. Достығымызға 7 жыл. Алла жар болсын алтыным" , - деп жазған Сара суретінің астына.

Айта кетейік, екі ару Баян Алагөзованың "Лашын" және "Кешью" топтарында да бірге өнер көрсеткен.

Бұған дейін Сара Амангелдінің орамал тағып, рэп оқығанын жазған болатынбыз.

Айта кетейік, Элизат Берікова мен Сара Амангелдінің орындауындағы әндерді біздің MusicNur қосымшамыздан тыңдай аласыздар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1759770-kesuden-ketip-kalgan-elizat-berikova-trmyska-sykty-foto-video.html