Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мұхтархан Ділдәбеков лауазымды қызметке тағайындалды

Опубликовано:

Боксшы Мұхтархан Ділдәбеков "Көкпар" федерациясының президенті болып тағайындалды. Бұл туралы Sputnik Қазақстанға агенттігіне сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

juldyz.kz
Көрнекі фото: juldyz.kz: UGC

Боксшының басшылық қызметке тағайындалғанын Ұлттық спорт қауымдастығының баспасөз қызметі хабарлаған.

Сидней Олимпиадасының күміс медалін еншілеген Мұхтархан үлкен спортқа келмей тұрып көкпаршы болғанын жанкүйерлердің бірі білсе, бір біле бермейді.

Сондықтан бұл қызметі оған жақын деседе болады.

Жаңа қызметке дейін Мұхтархан Ділдәбеков 2008 жылдан бастап оңтүстік Қазақстан облысында "Бокстан олимпиада резервін дайындайтын балалар мен жасөспірімдердің мамандырылған спорт мектебінің" төрағасы қызметін атқарып келген.

Танымал спорт шебері 1976 жылы Түркістан облысындағы Мақтарал ауданындағы Абай ауылында дүниеге келген.

М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін, Қ.А.Ясауи Халықаралық қазақ-түрік универтитетін бітірген.

"Парасат" орденімен марапатталған. Оңтүстік Қазақстан облысының құрметті азаматы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/1759816-mhtarhan-dildbekov-lauazymdy-kyzmetke-tagajyndaldy/

pixel