Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Хабар арнасында "Қарлығаш ұя салғанда" сериалы көрерменге жол тартпақ

Опубликовано:

23 қазан күні Kinopark Сарыарка кинотеатрында «Хабар» Агенттігінің тапсырысымен түсірілген «Қарлығаш ұя салғанда» телесериалының алдын ала көрсетілімі өтті.

«Қарлығаш ұя салғанда» сериалы көрерменге жол тартады

Тұсаукесерге картинада басты рөлдерді сомдаған Кәмшат Жолдыбаева және Еркебұлан Дайыров, фильмнің түсірілім тобы және БАҚ өкілдері мен танымал тұлғалар қатысты.

«Қарлығаш ұя салғанда» сериалы көрерменге жол тартады

Оқиға желісі бойынша Қарлығаш (Кәмшат Жолдыбаева) жасы 32-де, жұмысында табысты қыз. Жалғыз өзі үлкен үйде өмір сүреді, салауатты өмір салтын ұстанып, дұрыс тамақтанады, ең қымбат дүкендерден киінеді, алайда жеке өмірі сәтсіз.

Ал, көрші үйде сымбатты зергер өмір сүріп жатады. Оның есімі Тасқын (Еркебұлан Дайыров), әйелінен ерте айрылып, қыздарын жалғыз тәрбиелеуде. Бірде Тасқын жұмыс барысында жарақат алып, оны жедел жәрдем алып кетеді. Көршілері Қарлығаштан балаларға қарай тұруды сұрайды, басында бас тартқанмен, кейін келіседі. Осыдан кейін оның өмірі өзгере бастайды.

«Қарлығаш ұя салғанда» сериалы көрерменге жол тартады
«Бұл қоғамда бар кәрі қыздардың проблемасын көтеретін туынды. Неге біздің қыздарымыз көпке дейін тұрмыс құрмайды? Осы мәселені арқау етіп, кейін кәдімгі романтикалық драмаға айналып кетті. Оның ішінде комедиялық көріністері де бар. Жалпы өмірден алынған, өмірде болуы мүмкін оқиғалар. Туындыда үлкен махаббат, өкініш, ата- ана мен бала арасындағы қатынас суреттеледі», - дейді жоба продюсері әрі сценарий авторы Гүлнұр Мамасарипова.
«Қарлығаш ұя салғанда» сериалы көрерменге жол тартады
Телесериалда басты рөлді сомдайтын Кәмшат Жолдыбаева өзінің кейіпкері жайлы: «Маған ұсыныс түскенде өте қызықты көрінді. Өйткені сюжет халықтың жүрегін жаулап алатындай, енді не болар екен деп күтіп отыратындай. Жобаның продюсері Гүлнұр ханым (Мамасарипова) кімге ұсыныс жасау керектігін біледі. Себебі Қарлығашпен менің әлеуметтік жағдайымыз, өмірлік ұстанымдарымыздың ұқсас жақтары бар, сондықтан бұл кездейсоқ таңдау болған жоқ деп ойлаймын», - дейді.
«Қарлығаш ұя салғанда» сериалы көрерменге жол тартады
Ал, Еркебұлан Дайыров болса: «Балаларын жалғыз тәрбиелеп отырған ер азаматтарымыз бар. Сондықтан бұл кейіпкердің мінезі, сериалдың сюжеттік желісі ұнады. Қолымыздан келгенше қоғамымызда жүрген азаматтардың бет бейнесін ашуға, сондай жігіттердің азаматтығын, өмірде сынбағандығын көрсетуге тырыстық. Негізгі ой біздің қазақ жігіттерінің мықты екенін, қандай жағдай туса да төтеп бере алатынын көрсету болды»,- дейді.
«Қарлығаш ұя салғанда» сериалы көрерменге жол тартады

12 бөлімді драма «Хабар» телеарнасында 29 қазаннан бастап сағат 19.15-те дүйсенбі-бейсенбі күндері көрсетіледі.

«Қарлығаш ұя салғанда» сериалы көрерменге жол тартады

*На правах PR.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1759843-habar-arnasynda-karlygas-a-salganda-serialy-krermenge-zol-tartpak/

pixel