RU
Мақпал Жүнісова клипте екі жігітпен аймаласқан Кәмшатты аяусыз сөгіп тастады
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Мақпал Жүнісова клипте екі жігітпен аймаласқан Кәмшатты аяусыз сөгіп тастады

Рассказать Вконтакте

Ашық-шашық образдарымен ел сынынан көз ашпайтын Кәмшат Жолдыбаева жаңа клипі үшін Мақпал Жүнісовадан сөз естіді деп жазады "Ревю" бағдарламасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Жүнісова, Жолдабаева. Фото:Baribar.kz, видеодан кадр, әншінің желідегі парақшасы

Жүнісова, Жолдабаева. Фото:Baribar.kz, видеодан кадр, әншінің желідегі парақшасы

Сұлу әншінің клипте екі жігітпен қатар аймаласуы халық әртісінің ашуын тудырған.

"Кәмшат маған ренжімесін. Бірақ мына бейнебаяны маған ұнаған жоқ. Өзі актрисалық рөлін жақсы сомдадым деп тұрған шығар. Ол алдымен әнші екенін ұмытпауы керек қой. Соларға қарап, болашақ ұрпақ тәрбие алуда. Ол бәрін ашып-шашып, шешініп жата қалу деген масқара ғой", - деп өз пікірін білдірген Мақпал Жүнісова.

Айта кетейік, отандық әнші Қырғызстанның хитмені Мирбек Атабековпен бірге "Тыңда мені" атты әнге бейнебаян түсірген.

Алайда көпшілікке Жолдыбаеваның клиптегі образы ұнамай қалған.

Естеріңізге сала кетейік, жұлдыздардың әндерін біздің MusicNur қосымшасынан тыңдай аласыздар.

Сіздің реакцияңыз
6
0
0
0
0
13
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel