RU
Аяғы ауыр Байзақова тұрмысқа шыққанын абайсызда айтып қойды (видео)

Аяғы ауыр Байзақова тұрмысқа шыққанын абайсызда айтып қойды (видео)

Рассказать Вконтакте

Атышулы Айжан Байзақова әлеуметтік желіде ойламаған жерден өзінің тұрмыс құрғанын айтып қойды. Ашық суреттері арқылы көпке танылған ару жақын арада ана атанғалы жатыр деп жазады NUR.KZ.

Айжан Байзақова оқырмандарына ата-анасының үйіне келіп, олардың есін шығарған ер адам туралы айтып берді. Бойжеткеннің мәлімдеуінше, белгісіз азамат атышулы аруды іздеп келген.

"Анамның үрейін ұшырмай кеткеніңіз жөн деп айттым. Сізге менен не керек дегенімде ол менімен кездескісі келетінін түсіндірді. Оны менің жүктілігім мен тұрмыстағы адам екенім де тоқтатпады. Ол бәрібір мені кездесуге шақырып қоймады." , - деді Байзақова видеода.

Атышулы блогер видеожазбасы арқылы өзінің тұрмысқа шыққанын айтып қойды. Желі оқырмандары ендігі кезекте Байзақоваға үйленген жігіттің кім екенін біле алмай әлек.

Айта кетейік, бұған дейін Айжан Байзақованың жүкті екені туралы хабарлаған болатынбыз.

Бойжеткенді барша қазақстандық блогерлар жарыса құттықтаған.

Оған қоса, жақын арада ол болашақ баласының жынысын мәлімдеді.

Ескерту! Видеода бейәдеп сөздер кездеседі!

Сіздің реакцияңыз
2
6
1
1
0
2
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel