RU
Финляндияның ең ірі компаниялары Қазақстанда ТКШ-ны жаңғыртуға белсене қатысады
Жаңалықтар Пресс-релизы

Финляндияның ең ірі компаниялары Қазақстанда ТКШ-ны жаңғыртуға белсене қатысады

Рассказать Вконтакте

Мемлекет басшысының Финляндияға жасаған сапары барысында «ТКШ ҚазОрталығы» АҚ басшылығы ең ірі финдік «AINS Group» и «Onninen Oy» компанияларымен Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Финляндияның ең ірі компаниялары Қазақстанда ТКШ-ны жаңғыртуға белсене қатысады

Тараптар Қазақстан Республикасының инфрақұрылымдық-тұрғын үй кешенін дамытуға және жаңғыртуға бағытталған бірлескен жобаларды жүзеге асыру туралы уағдаласты.

AINS Group - әлемнің 60 елінде құрылысты басқару саласында «толық аяқталған» жобаларды іске асыратын құрылыс-инжинирингтік компаниясы. «ТКШ ҚазОрталығы» АҚ-мен ынтымақтастық шеңберінде компания BIM-технологиялары, математикалық модельдеу, 3D-визуализация және жасанды интеллект сынды ғимараттарды жобалау мен салудың жаңа технологияларын ауысымын (трансфер) жүзеге асырады.

Осындай шешімдерді пайдалану жобалау үдерісін сапалы жақсартуға, техникалық сипаттамалардың сәйкестігін, объектілердің құрылысының өзіндік құны мен мерзімін дәл есептеуді қамтамасыз етеді.

Финляндияның ең ірі компаниялары Қазақстанда ТКШ-ны жаңғыртуға белсене қатысады

«Жоғарыда аталған іс-шараларды жүзеге асыру үшін «AINS Group» компаниясы біздің еншілес ұйымымыз «Үлгілік және тәжірибелікжобалаудың ғылыми-зерттеу институты» ЖШС-нің (ҮТЖҒЗИ) 10 пайызын иемденуге және BIM-технологияларын енгізу үшін нормативтік-құқықтық базаны дамытуға белсенді қатысуға дайын екендігін білдірді», - деп атап өтті «ТКШ Қаз Орталығы» АҚ басқарма төрағасының бірінші орынбасары Әділхан Өмірбаев.

Onnenen Oy - жылу және су, электр, кәріз, желдету және телекоммуникация үшін инженерлік жабдықты кешенді жеткізуді қамтамасыз ететін ең ірі фин компаниясы.

Келіссөздер барысында екі тараптың өкілдері ынтымақтастықтың 4 стратегиялық бағытын анықтап, өздеріне басты міндеттер қойды - ҚР қалаларында ағынды суларды тазарту және суды тазарту қондырғыларын салу және жаңғырту бойынша жобаларды іске асыру.

Финляндияның ең ірі компаниялары Қазақстанда ТКШ-ны жаңғыртуға белсене қатысады

Қазақстан Республикасындағы кәріз желісін тазарту қондырғыларының жұмысын реттейтін стандарттар мен ҚНменЕ-лерді өзгерту бойынша ұсыныстарды бірлесіп әзірлеу туралы, сондай-ақ жабдықтар өндірісін ықтимал оқшаулау туралы келісімге қол жеткізілді.

Айта кету керек, жаңа технологияларды енгізу бойынша шетелдік компанияларды тартуды «ТКШ ҚазОрталығы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің 2017-2021 жылдарға арналған Стратегиялық жоспарын іске асыру шеңберінде саланың энергетикалық тиімділігін арттыру және сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы ұлттық инновациялық жүйені дамыту саласында жүзеге асырады.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
1
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel