Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ескендір Хасанғалиев өзін "өлді" деп жалған ақпарат таратқандарды сотқа бермек (фото)

Опубликовано:

Бүгін түрлі сайттарда қазақстандық композитор Ескендір Хасанғалиевтің қаза тапқаны жайлы ақпарат тарады. Осыдан біраз уақыт бұрын Астанада ота жасатқан халық артисі енді өзін "өлді" деп жалған ақпарат таратқандарды сотқа бермек деп жазады NUR.KZ.

Жалған ақпарат алдымен желі мен сайттарда жарияланған. Артынша елімізге белгілі газеттің сайты да бұл ақпаратты жария етті.

"Бұл ақпарат жалған. Ескендір Хасанғалиевтің жағдайы бірқалыпты. Өзін жақсы сезінеді", - деді NUR.KZ порталының тілшісіне жауап берген мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз хатшысы Айдар Қырықбайұлы.

Композитордың ұлы Біржан Хасанғалиев те әкесінің дін аман екенін жеткізген.

Айта кетейік, Ескендір Хасанғалиев Instagram парақшасында өзі жайлы теріс ақпарат таратқандарды сотқа беретінін мәлім етті.

Айта кетейік, осыған дейін Ескендір Хасанғалиевтің Астана қаласында ота жасатқаны жайлы хабарлаған болатынбыз.

Арада бір айдай уақыт өткенде, композитордың өзі жағдайының қалыпқа келгенін оқырмандарымен бөліскен.

Естеріңізге сала кетейік, Ескендір Хасанғалиевтің әндерін біздің MusicNur қосымшасынан тыңдай аласыздар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1759995-eskendir-hasangaliev-zin-ldi-dep-zalgan-akparat-taratkandardy-sotka-bermek-foto/

pixel