RU
Фильм түсіргісі келетінін айтқан Ернар Айдар оқырмандарынан сөз естіп қалды

Фильм түсіргісі келетінін айтқан Ернар Айдар жұрттан сөз естіп қалды

Рассказать Вконтакте

Қайрат Нұртас пен Төреғали Төреәлі, Ерке Есмахан, Бүркіт секілді әншілер фильм түсіруді бастап кеткелі біраз уақыт өтті. Осы әріптестерінен қалғысы келмеген Ернар Айдар да өзін кино саласында сынап көргісі келетінін айтты деп жазады NUR.KZ.

Өзінің бұл ойын Insagram парақшасында айтқан әнші оқырмандарынан сөз естіп қалған.

"Жалпы өмірден алынған фильмдерді жақсы көремін. Қазақ киносы дамысын деп жатыр ғой. Мен де соған өз үлесімді қосқым келеді. Менен қандай фильм күтесіздер", - деп жазған әнші.

Ал оқырмандар "Қайрат Нұртастан көшірмей, өз ойларыңмен бірнәрсе жасай аласыңдар ма, өзі?", "Әніңді айтып жүре берші", "Бүкіл әншілер фильм түсіргіш болып кетті ғой".

"Қазақ киносына үлес қосу емес, өз қалтаңның қамы ғой", "Фильмге әзілкештерді емес, актерлерді түсіруге болады ма, осы?", "Сапасыз кинолардың санын арттырмай-ақ қойыңыз", "Әркім өз ісінің маманы болғаны жақсы ғой" деп пікір білдірген.

Айта кетейік, Осыған дейін Қайрат Нұртас "Өкініш", "Арман" фильмдерін түсірді.

Төреғали жақында ғана "Ұлы дала комедиясы" атты туындысын жарыққа шығарса, Ерке Есмахан да "Кафе. Махаббат" киносын көпшілікке ұсынды.

Естеріңізге сала кетейік, Ернар Айдардың әндерін біздің MusicNur қосымшасынан тыңдай аласыздар.

Сіздің реакцияңыз
15
0
1
0
1
1
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel