Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Төреғалидің "Ұлы дала комедиясы" бір аптада 101 млн теңге табыс әкелген

Опубликовано:

Төреғали Төреәлінің кино саласындағы тырнақалды туындысы кассаға түсірген қаржы есебінен көш бастады деп жазады "Ревю" бағдарламасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

"Ұлы дала комедиясы" фильмі бір аптада 101 миллион теңге табыс әкелген. Аталмыш кинода Төреғали Төреәлі өзін-өзі сомдаған.

Фильм желісі бойынша бастапқыда әнші жұлдыз ауруына шалдығып, артынан періштенің арқасында өмірге деген көзқарасын өзгертеді.

Екінші орынға "Веном" фильмі жайғасқан. Басты рөлді әйгілі Том Харди сомдайтын туындыдан кассаға 64,5 миллион теңге түскен.

Еске сала кетейік, Төреғали Төреәлі өзінің су жаңа туындысының тұсаукесерін 14 қазанда өткізген болатын.

Естеріңізге сала кетейік, Төреғали Төреәлінің әндерін біздің MusicNur қосымшасынан тыңдай аласыздар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1760079-tregalidi-ly-dala-komediasy-bir-aptada-101-mln-tege-tabys-kelgen/

pixel