RU
"37 мың доллар пара": Мәдениет және спорт министрлігінің қызметкерлері ұсталды

"37 мың доллар пара": Мәдениет және спорт министрлігінің қызметкерлері ұсталды

Рассказать Вконтакте

Астанадағы мейрамханалардың бірінде Мәдениет және спорт министрлігінің шенеуніктері ірі көлемде пара алып жатқан жерінен ұсталды. Ақпаратты бүгін Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі растады деп хабарлайды NUR.KZ.

Бірер күн бұрын аталмыш жаңалық Whats App желісі арқылы тарап кеткен болатын. Онда әскери қызметкерлердің бас қаладағы жаңа "Мега" жанында министрліктің бірнеше қызметкерін ұстап алып кеткені айтылған.

"Астанадағы ұлттық бюроның орталық аппараты "Wall Street" мейрамханасында "ҚазАқпарат" директоры Мәдениет және спорт министрлігінің лауазымды тұлғаларына 37 мың доллар көлемінде мемелекеттік сатып алу келісімін бекіту үшін пара бергенін анықтады. Атап айтқанда министрліктегі департамент басшысы Еренай Дәржібаев, жауапты хатшы Қуатжан Уәлиев жане тағы бес қызметкердің осыған қатысы бар болып шықты", - деп жазылған хабарламада.

Тұлғалардың ұсталғаны жайлы ақпаратты Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Жанна Бастарова растады.

Оның айтуынша, қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Алайда құзырлы орган оларды құрықтау туралы ақпараттық хабарлама таратпаған.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel