Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Мен ажырастым": Байзақова неге тұрмысқа шықпау керектігін ашық айтты

Опубликовано:

Атышулы Айжан Байзақова қыздарға неге тұрмысқа шықпау керектігін айтты. Бұл туралы блогер өз Instagram парақшасында жариялады деп хабарлайды NUR.KZ.

Жақында ғана жүкті екенін жеткізген Байзақова бұл жолы қыздарға кеңес беруді жөн көріпті.

Осы мақсатта жазба қалдырған блогер қазір ажырасатын жұптар көп екенін айтып, неге тұрмысқа асықпау керегін де түсіндірген екен.

"Мен ажырастым... Қазір көптеген әдемі қыздардан осыны естимін. Осыдан кейін "Не деген ұят, күйеуін ұстай алмаған, қазір жалғыз басты ана" деген сөздерді тек қыздар естиді. Ал еркектерге бәрібір. Туыстары оны жерден алып, жерге салмайды, достары сыртынан күлмейді. "Бізге не айтады" деп қанша уақыт қорқамыз? Қашан туыстарымыз үшін өмір сүруді қоямыз? Саған опасыздық жасады ма, кете бер. "Тұрмысқа шықтың, шыда" деген түсінікті қою керек. Біз бәріне көнуге міндетті емеспіз",- деген ол жазбасында.

Сондай-ақ, Байзақова тұрмысқа шығуға асығудың қажеті жоқ екенін айтқан.

"Негізі, тұрмысқа шығуға асықпаңдар, қыздар. Ол жақтан ешкім бақытты болып келіп жатқан жоқ. Қыздар, сендерді жақсы көремін",-деп жазған Айжан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1760281-men-azyrastym-bajzakova-nege-trmyska-sykpau-kerektigin-asyk-ajtty/

pixel