Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"KN city": Қайрат Нұртас Астанадан зәулім сауда үйін ашпақшы

Опубликовано:

Эстраданың жарқын жұлдызы Қайрат Нұртас Астана қаласында бес қабатты сауда үйін салып жатқанын айтты. Бұл туралы әнші "Шыны керек" бағдарламасында мәлімдеді деп хабарлайды NUR.KZ.

Қайрат бұл орталықтың "KN сity"деп аталатынын, кешен өз жұмысын келесі жылы бастайтынын тілге тиек етті.

"Қазір өзімнің кәсібім бар. "Car city" сияқты өте үлкен, бес қабатты сауда үйін салып жатырмыз. "KN city" келесі жылы ашылады. Әкем екеуміз еңбектеніп, үш жарым жылдай салдық, 4-5 күн бұрын ғана шатырын жауып, қуанып жатырмыз", -деді Қайрат.

Сондай-ақ, әнші барша жұртқа осындай береке нәсіп етуін тіледі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1760302-kn-city-kajrat-nrtas-astanadan-zulim-sauda-jin-aspaksy/

pixel