RU
Мадина Сәдуақасованың қатысы бар жол апаты туралы жаңа деректер шықты

Мадина Сәдуақасованың қатысы бар жол апаты туралы жаңа деректер шықты

Рассказать Вконтакте

"Green Bus" мекемесі жолаушылар автобусы мен Мадина Сәдуақасованың көлігі соқтығысып қалған оқиға жайлы мәлімдеме жасады деп жазады "ҚазАқпаратқа" сілтеме жасаған NUR.KZ.

Компания өкілдерінің айтуынша, жол апатына қатысы бар автобус жүргізушісі жұмыстан босатылған.

"Біз орын алған оқиғаға қатысы бар адамдардан барлығынан кешірім сұраймыз. Зардап шеккен бір қыздың денсаулығы жақсарғанынан хабардармыз. Ол ешқандай наразылығы жоқ екенін жеткізді. Ал екінші бойжеткеннің мекен-жайын әлі таба алмадық, іздеу үстіндеміз. Жақын арада оны анықтайтын боламыз" , - деп хабарлады мекеме.

"Green Bus" компаниясы жол апатына түскен жүргізуші өзін тек жақсы қырынан ғана танытқан жауапкершілігі мол адам ретінде танытқанын жеткізді.

Компания басшылығы қазақстандық әншінің көлігіне келтірілген зардап шығынын өтеп беруге дайын.

Сонымен қатар, Сәдуақасова тұтқаны көтермеген жедел жәрдем қызметіне қатысты мәселенің де басы ашылды. Отандық әнші тез келіп көмек көрсеткеннің орнына, сұрақтың астына алған қызметкерді сынға алған болатын.

Бұл оқиғаға қатысты жедел жәрдем бекетінің басшылығы пікір білдірген.

"Шынымен 2018 жылдың 23 қазанында сағат 13:01-де жедел жәрдемге қоңырау түсті. Орын алған оқиға туралы ақпарат арнайы бригадаға 13:04-те тапсырылып, олар 13:13-те жол апаты болған жерге жетті" , - деді бекет басшылығы

Олар зардап шеккен бойжеткенді қарап, дереу ауруханаға жеткізгендерін де айтты.

Оған қоса, жол апаты туралы жедел жәрдемге хабарлап айтқан ер адам екені анықталды. Жедел жәрдем бекеті әрбір қоңыраудың арнайы жүйеде сақталатынын еске түсіріп, онда Сәдуақасованың хабарласқаны да тіркелгенін мәлімдеді.

Оқиғаға қатысты мекеме қызметкерлерімен түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, тиісті шара қолданған.

Айта кетейік, бұған дейін Мадина Сәдуақасованың жол апатына түскені туралы хабарлаған болатынбыз.

Айта кетейік, Мәдина Сәдуақасованың әндерін біздің MusicNurқосымшасынан тыңдай аласыздар.

Сіздің реакцияңыз
1
4
1
1
1
0
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel