RU
Стадион маңындағы тікұшақ апатынан тай миллиардері қаза болды
Жаңалықтар Әлемде

Стадион маңындағы тікұшақ апатынан тай миллиардері қаза болды

Рассказать Вконтакте

"Лестер Сити" футбол клубы күні кеше стадион маңында орын алған тікұшақ апатына қатысты ресми мәлімдеме жасады. Бұл туралы деп хабарлайды championat.com сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: liga.net

Фото: liga.net

"Кеше орын алған қайғылы жағдай біз үшін орны толмас қаза әкелді. Тікұшақ апатында футбол клубының иесі Вишай Шриваддханапрабха көз жұмды. Онымен бірге әуе кемесінде болған төрт адам да оқиға орнында жан тапсырған.
Біз апатты жағдайда қаза болғандардың отбасыларына қайғыра көңіл айтамыз. Вичай бар өмірін отбасына арнаған ақкөңіл, мейірімді әрі жомарт адам ретінде есімізде қалары сөзсіз. "Лестер сити" оның жанұясы болды" , - делінген клубтың ресми мәлімдемесінде.
"Лестер сити" жанкүйерлері стадион маңына гүл әкелуде Фото: championat.com

"Лестер сити" жанкүйерлері стадион маңына гүл әкелуде Фото: championat.com

Айта кетейік, оқыс оқиға "Лестер сити" мен "Вест Хэм Юнайтед" командалары арасындағы ойыннан кейін орын алды. Тай миллиардерінің тікұшағы көлік тұрағына құлап түсіп, өртке оранған.

Шриваддханапрабха "Лестер" футбол клубын 2010 жылы сатып алған болатын. Аталмыш команда 2015 - 2016 жылғы маусымда клуб тарихында алғаш рет Англия чемпионы атанды.

Сіздің реакцияңыз
1
0
0
3
1
0
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel