RU
Джакартадан ұшып шыққан Boeing 737 жолаушылар ұшағы апатқа ұшырады

Джакартадан ұшып шыққан Boeing 737 жолаушылар ұшағы апатқа ұшырады

Рассказать Вконтакте

Lion Air әуе компаниясына тиесілі Boeing 737 жолаушылар ұшағы Джакарта әуежайынан ұшып шыққан соң апатқа ұшыраған. Бұл туралы Риа Новости-ге сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Фото: AFP 2018 / ROSLAN RAHMAN

Фото: AFP 2018 / ROSLAN RAHMAN

Straits Times басылымының хабарлауынша, ұшақ аспанға көтерілгеннен кейін 10 минутта соң радардан көрінбей кеткен.

Джакартадан Индонезияның Панкалпинанг қаласына ұшқан Boeing 737 ұшағы жергілікті уақыт бойынша 6.20- да ұшып, сағат 6.33-те жоғалып кетті.

Ұшақтардың ұшуын қадағалап отыратын Flightradar ресурсының деректері бойынша, лайнер Ява теңізінің үстінде жоғалып кеткен.

Алдын ала дерек бойынша, жоғалып кеткен Lion Air әуе компаниясының ұшағы Индонезиядағы Ява аралының батыс жағалауы маңына құлаған.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel