RU
Индонезияда құлаған ұшақта болған жолаушылардың тізімі жарияланды
Жаңалықтар Әлемде

Индонезияда құлаған ұшақта болған жолаушылардың тізімі жарияланды

Рассказать Вконтакте

Желіде Джакартадан Индонезияның Панкалпинанг қаласына ұшып шығып, апат болған ұшақтағы жолаушылардың тізімі жарияланды. Бұл туралы Риа Новости-ге сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Фото: jetphotos.com, twitter/ /twit_jawatengah

Фото: jetphotos.com, twitter/ /twit_jawatengah

Аталған құжатқа сәйкес, бортта 124 ер азамат пен 54 әйел болған. Сондай-ақ, жолаушылар тізімінде қатарында бір бала мен екі сәби де бар.

Ұшақтың ішінен 591 келіні құрайтын 62 шабадан жүк шығарылған.

Lion Air мәліметі бойынша, Батыс Явада құлаған ұшақ 2018 жылы шығарылған. Әуе кемесі пайдалнуға 15 тамыз күні беріліпті.

Бхавье Сунейя есімді экипаж командирі алты мың сағат ұшқан тәжірибелі ұшқыш болған. Ал екінші ұшқыш Харвиньо бес мың сағат әуеде болыпты.

Сондай-ақ, индонезиялық Boeing-737 экипажы апат алдында ұшып шыққан әуежайға қайта оралуын сұрағаны белгілі болды.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін Индонезияда Boeing 737 ұшағы апатқа ұшыраған еді.

Артынша құтқарушылар Ява аралынан табылған әуе кемесінің сынықтары мен жолаушылардың жеке заттарын тапқан.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
7
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel