RU
200-ге жуық құрбан: Боинг 737 ұшағында ешбір жолаушы тірі қалмаған
Жаңалықтар Әлемде

200-ге жуық құрбан: Боинг 737 ұшағында ешбір жолаушы тірі қалмаған

Рассказать Вконтакте

Индонезияның Төтенше жағдайлар жөніндегі ұлттық агенттігі "Боинг 737" ұшағының апатты жағдайында екі жүзге жуық адам қаза болғанын хабарлады. Джакартадан ұшып шыққан әуе кемесі жолаушыларының ешқайсысы тірі қалмаған деп жазады РИА Новостиге сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: glavny.tv

Фото: glavny.tv

Әуе компаниясының басшысы апатқа ұшыраған ұшақта бұған дейін техникалық ақаулар болғанын айтып, алайда ұшар алдында олар жойылғанын жеткізді.

Қазіргі таңда индонезиялық әскери-теңіз күштері ұшақтың құлаған орнына әскери кемелерді жөнелтті.

Анықталғандай, қайтыс болғандардың арасында Индонезияның қаржы министрлігінің 20 шенеунігі болған.

Ұшақ бортында болған адамдардың нақты саны әзірге анықталып жатыр. Тізім бойынша рейске 181 адам тіркелген. Оған қоса, ұшақта екі ұшқыш пен экипаждың бес мүшесі болған.

Адам өлімі туралы мәлімдеме шықпай тұрып, журналистер Индонезия әуежайында жантүршігерлік видео түсіріп алған болатын.

Апатқа ұшыраған жолаушылардың туыстары олар үшін дұға жасап, аман қалуын тілеген.

Айта кетейік, бүгін Джакартадан ұшып шыққан Lion Air компаниясының "Боинг 737" ұшағы Ява аралының маңындағы теңізге құлап түсті. Апатты жағдайға тап болған әуе кемесінің қалдықтары да табылған.

Сіздің реакцияңыз
0
2
2
5
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel