RU
Айқын екі әйелінен туған балаларын көпшілікке көрсетті (видео)
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Айқын екі әйелінен туған балаларын көпшілікке көрсетті (видео)

Рассказать Вконтакте

Отандық әнші Айқын өзінің екі әйелінен туған балаларын көпшілікке көрсетті. Екі ұлы мен кішкентай қызының қылығын видеоға түсірген әнші желіде қызу талқыға түсті деп жазады NUR.KZ.

Фото: Әншінің желідегі парақшасы, видеодан кадр

Фото: Әншінің желідегі парақшасы, видеодан кадр

Бірінші әйелі Әсел мен екінші жары Жұлдыз Өмірғалидан туған балаларының басын қосқан Айқынның бұл видеосы 160 мыңнан астам қаралым жинап үлгерген.

"Екі отбасыны да тастап кетпей, қамтамасыз етіп отырғаныңа қосыламын. Бірақ екінші әйел алғаныңды қолдамаймын", "Жақында үшіншісін алатын шығарсың".

"Екі әйеліңізбен бір үйде тұрасыз ба?", "Балаларыңыз кейін сізге түсіністікпен қарайды деп ойлаймын", "Бірінші әйеліңізге обал емес пе?", - деп пікір білдірген әншінің оқырмандары.

Көпшілік қауымның ауыр сөздерінен шаршаса керек, әнші көп ұзамай пікір жазу мүмкіндігін шектеп қойды.

Айта кетейік, осыған дейін әнші Жұлдыз Өмірғалиға аяғы ауыр болғандықтан үйленгенін мойындаған болатын.

Екінші отбасымен бірге тұратынын айтқан Айқын, бірінші жұбайын жер-көкке сыйғызбай мақтады.

Алайда оның екінші рет тұрмысқа шығуына қарсы екенін мәлім етті.

Естеріңізге сала кетейік, Айқынның әндерін біздің MusicNur қосымшасынан тыңдай аласыздар.

Сіздің реакцияңыз
1
1
0
2
1
2
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel