Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыдағы Esentai mall сауда үйі "миналанған" (видео)

Опубликовано:

Алматыдағы Әл-Фараби даңғылында орналасқан Esentai mall сауда үйіндегі адамдардың барлығы эвакуацияланды деп хабарлайды NUR.KZ.

restolife.kz
Көрнекі фото:restolife.kz: UGC

Эвакуация жайындағы ақпарат Instagram әлеуметтік желісіндегі kris_p_brothers парақшасында жарияланды.

Алматының полиция департаменті қазіргі сәтте қаланың төтенше және жедел қызметінің қызметкерлері "Есентай сауда орталығы миналанған" деген ақпарат бойынша тексеру жұмыстарын жүргізіп жатқанын хабарлады.

"Осы тектес хабарламаларға жауап берілетін алгоритм аясында, бірінші кезекте орталыққа келушілер мен қызметкерлері эвакуацияланып, аталмыш объектіге бекітілген жол-көлік полициясы жағдайды өз бақылауына алды", - деп хабарлады ПД.

Сонымен бірге, Алматы полиция департаменті қауіпсіздікті барынша қамтамасыз ету үшін азаматтарды түсіністік танытуға және қажет болған жағдайда арнайы шараларды жүзеге асыруға көмектесуге шақырады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1760574-almatydagy-esentai-mall-sauda-ji-minalangan-video/

pixel