Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Назарбаев ұшақ апатына байланысты Индонезия басшысына көңіл айтты

Опубликовано:

Нұрсұлтан Назарбаев Индонезия Республикасының президенті Джоко Видодоға көңіл айту жеделхатын жолдады деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Назарбаев ұшақ апатына байланысты Индонезия басшысына көңіл айтты
Нұрсұлтан Назарбаев. Фото/архив: Ақорда: UGC

Мемлекет басшысы «Lion Air» әуе компаниясының жолаушылар ұшағының апатқа ұшырауы салдарынан көптеген адамның қаза болғаны туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдады.

"Қазақстан халқының және жеке өзімнің атымнан қаза болғандардың туған-туысқандары мен жақындарына, сондай-ақ барша Индонезия халқына көңіл айтып, қайғыларына ортақтастығымды білдіремін", – делінген жеделхатта.

Естеріңізге сала кетсек, бүгін Джакартадан ұшып шыққан Boeing 737 жолаушылар ұшағы апатқа ұшыраған еді.

Көп ұзамай Boeing 737 ұшағының сынықтары мен жолаушылардың заттары табылды.

Осыдан соң әуе кемесінің ішінде болған 189 адамның тізімі жарияланды.

Артынша тізімдегі жолаушылардың 20-сы Индонезия қаржы министрлігінің қызметкерлері екені анықталды.

Кейіннен әуе апатынан ұшақта болған экипаж мүшелері мен жолаушылардың барлығы қаза тапқаны хабарланды.

Айта кетерлігі, Қазақстанның сыртқы істер министрлігі апатқа ұшыраған индонезиялық ұшаққа қатысты пікір білдіріп, бортта қазақстандық азаматтар болмағанын мәлімдеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1760591-nazarbaev-sak-apatyna-bajlanysty-indonezia-bassysyna-kil-ajtty/

pixel