Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Сәдуақасованы шарапқа теңеген Ғазизхан елдің қызу талқысына түсті (фото)

Опубликовано:

Отандық танымал әнші Мадина Сәдуақасованы "шарапқа" теңеген сазгер әрі әнші Ғазизхан Шекербеков желіні бір шулатып алды деп жазады NUR.KZ.

Оқырмандарға Ғазизханның "біреудің әйелі" жайлы пікірі ұнамай қалған.

"Жыл өткен сайын сапасы ұлғаятын шарап" десеңіз түсінеміз", "Дәмін татып көргендей сөйледіңіз ғой", "Өзгенің әйелі жайлы осылай айтуға болады ма?", "Сіздің шарабыңыз үйіңізде күтіп отырған шығар", "Шарап" деген жолап кетсең, басты айналдырады ғой" , - деп жазды оқырмандар.

Алайда қос әнші де оқырмандар пікіріне жауап қайтармады.

Айта кетейік, осыған дейін Мадина Сәдуақасованың Алматы көшелерінің бірінде жол апатына түскені туралы жазған болатынбыз.

Арада көп өтпей, осы жол апатына қатысты жаңа деректер шықты.

Мадина Сәдуақасова мен Ғазизхан Шекербековің әндерін біздің MusicNur қосымшасынан тыңдай аласыздар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1760628-sduakasovany-sarapka-teegen-gazizhan-eldi-kyzu-talkysyna-tsti-foto/

pixel