RU

Синоптиктер ел аймақтарында үскірік аяз болатынын ескертті

Синоптиктер елімізде соңғы күндері сақталған жылы температура енді суық күндерге ұласатынын ескертіп отыр. Республиканың басым бөлігінде қар аралас жаңбыр жауып, салдарынан көктайғақ болуы да мүмкін деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Көрнекі фото: WallpapersCraft
Көрнекі фото: WallpapersCraft: UGC

"Қазгидромет" орталығының инженер-синоптигі Айнұр Қайыңбаеваның сөзіне сүйенсек, Ресейдің орталығынан Қазақстанның солтүстік аймағына қарай жылжыған циклон әсерінен жауын-шашынды күндер басталады.

Маман Оңтүстік өңір мен оңтүстік-шығыста соңы қарға ұласатын жаңбыр жауатынын айтып отыр. "Ал таулы аймақтар мен тау бөктеріндегі аудандарда 31 қазан, 1 қараша күндері жауын-шашын қатты жауады", - дейді ол.

Бас қалада жаңбыр соңы қарға ұласып, 15-20 м/с жылдамдықпен жел тұруы мүмкін. Келер айдың басында күндіз 1-3, түнгі уақытта минус 7-9 градусқа дейін аяз болады деп күтілуде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1760680-sinoptikter-el-ajmaktarynda-skirik-aaz-bolatynyn-eskertti.html