RU

Атышулы Үсенов пен Байзақованы темір торға қамаған сот туралы не білеміз?

Алматының "тентек" жастары Байзақова мен Үсеновті, Әл-Фараби көшесінің қарама-қарсы бағытына шығып, көлік айдаған Назар Ролланды қамауға алған бір адам болып шықты. NUR.KZ тілшісі қоғамдық тәртіпті бұзған Алматының ең шулы оқиғалары сот Ержан Алдабектің алдынан өтетінін анықтады.

Ержан Алдабек, Байзақова, Үсенов. Фото:Скриншоты видео YouTube,fromua.news,© Sputnik / Данияр Дәуталиев
Ержан Алдабек, Байзақова, Үсенов. Фото: Скриншот видео YouTube,fromua.news,© Sputnik / Данияр Дәуталиев: UGC

Ержан Алдабек 2015 жылдан 2018 жылға дейінгі аралықта ұшақта шу шығарған Мақсат Үсеновті он тәулікке, Айжан Байзақованың түнгі клубтағы әрекеті үшін үш тәулікке қамаған.

Сондай-ақ, ол Назар Ролланды Алматының әл-Фараби көшесіндегі бұзақылығы үшін жеті тәулікке темір торға қамауға үкім шығарған.

2015 жылға дейін Ержан Алдабек полиция полковнигі дәрежесінде Жетісу ауданы АІІБ бастығының тергеу жөніндегі орынбасары болып қызмет атқарды.

Сол жылы Ержан Алдабек емтихан тапсырып, қатардағы полицей қызметінен отставкаға шыққан. Осыдан кейін ол сот болып қызмет атқаруға көшкен.

Сот істері компьютерлік жүйе арқылы судьяларға автоматты түрде берілсе де, Алдабек көп жағдайда қоғамдық тәртіпті және жол қозғалысы ережелерін бұзған байдың балалары мен танымал жастардың тәртіп бұзған ең даулы істерін шешкен.

Ұшақтың бортында ішімдік ішіп, темекі шеккені үшін прокурор Мақсат Үсеновты 15 күн мерзімге жазалауды сұраған. Алайда сот оны 10 күн бойы қамауға алуға шешім шығарды.

Байзақова. Фото: SN.kz
Байзақова. Фото: SN.kz: UGC

Прокурор соттан Байзақованы қамауға алмауды, айыппұл салмауды сұраған. Алайда сот Байзақова жарнамадан жақсы қаражат табатындықтан, үш күнге қамауға алуға шешім шығарған.

Ал Байзақова түрмеде өткізген үш күнін пайдасына жаратып, тоғыз кітап оқығанын жайып салды. Бұл атышулы ару үшін өте пайдалы сот ісі болған.

Байзақова бұрын тек Youtube арнасында танымал болса, осы істен кейін барша қазақстандықтарға танымал болды.

Роллан Назар. Фото: Instagram
Роллан Назар. Фото: Instagram: UGC

Алматының ең үлкен көшесі Әл-Фараби бойында көлікті қарама қарсы бағытта айдап, видеосын желіге салған Роллан Назар да заң бұзғаны үшін айыпталды.

Кейін бөлімшеде халықтан өтірік кешірім сұраған жас жігітті Ержан Алдабек жеті тәулікке қамауға алуға шешім шығарған.

Ержан Алдабек адам өлтіру істері бойынша, мемлекеттік тергеу комитетінде, ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес және басқа да құқық қорғау органдарында тергеуші болып жұмыс істеген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1760684-atysuly-senov-pen-bajzakovany-temir-torga-kamagan-sot-turaly-ne-bilemiz.html