RU

Шымкентте қолын дәкемен орап алған әйел бүлдіршінді тағы да ұрып тастады

Әлеуметтік желіде қолында дәкесі бар келіншектің баласын ұрып жатқан видеосы тарап кетті. Бейнежазба Instagram желісіндегі Shymkent.online тобында жарияланған.

Фото: Instagram/ shymkent.online
Фото: Instagram/ shymkent.online: UGC

Желі қолданушылары баласын ұрған әйелдің бұрын да желіде бой көрсеткенін айтқан.

Ал бейнежазба авторлары бұл әйел бүлдіршіннің әжесі екенін жазыпты.

Желі қолданушылары оның психологиялық ауытқушылықтары бар болуы да мүмкін деп топшылап отыр.

"Отырардың" хабарлауынша, видеодағы келіншек ұсталған.

Естеріңізге сала кетейік, осы уақытқа дейін жұмыспен қамту орталығында кішкентай бүлдіршінді ұрып жатқан әйелдің видеосы тараған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1760695-symkentte-kolyn-dkemen-orap-algan-jel-bldirsindi-tagy-da-ryp-tastady.html