RU

Туған күніне лоторея билетін алған әйел қомақты ақша ұтып алды

Канададағы Реджайн қаласының егде жастағы тұрғыны лоторея билетінен миллион канадалық доллар (3 миллиард теңгеге жуық) ұтып алды. Бұл туралы lenta.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ порталы хабарлайды.

Көрнекі фото: joseliamaria.com
Көрнекі фото: joseliamaria.com: UGC
"Немерем туған күніңізге не сыйлайын деп сұрады. Мен одан ешнәрсе алғым келмегендіктен, жай ғана "лоторея билетін" деп жауап бере салдым", - дейді Этель Кларксон.

Мұндай көп ұтысты иеленуді ойламаған әйел енді барлық қарызынан құтылып, көлік алып, қалған ақшаны туыстарыма бөліп беремін деп отыр.

"Қарызың болмағаны қандай жақсы, жақындарыңа қалағаныңша көмектесе аласың", - деп қуанды әйел.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1760712-tugan-knine-lotorea-biletin-algan-jel-komakty-aksa-typ-aldy.html