RU

Елімізде тек үздік оқушыларға арналған сыныптар ашуға тыйым салынды

Балаларды мектепке қабылдау туралы ережелерге өзгертулер енгізілді деп хабарлайды Zakon.kz.

Көрнекі фото: School-box.ru
Көрнекі фото: School-box.ru: UGC

Мектептегі сыныптар оқушының даму деңгейіне қарай таңдалып, бірыңғай үздіктерден құралмауы керек.

Бала мектепке қабылданған уақытта ата-анасы немесе оған жауапты тұлға білім ұясының басшысымен келісімге тұрып, оқу ордасы оқушыға қажетті білім беру үшін тиісті қызмет түрін көрсетуге міндеттеледі.

Арнайы күтімді қажет ететін балалар үшін педагогтық-мдеициналық және психиологиялық кеңестен өткеннен кейін ғана шешім қабылданады.

Ата-ана немесе асырап алушы өздері қалаған кез келген мектепті таңдауға құұылы. Егер онда баланы қабылдаудан бас тартса, ата-анасы білім басқармасына арыздана алады.

Барлық балалар 6 жастан бастап оқуға келеді. Білім ордасы оларды дайындық деңгейіне қарай қабылдайды.

Мектепке қабылдану үшін тапсырылатын құжаттар тізімі:

- баланың ата-анасы немесе оған жауапты тұлғадан өтініш;

- туу туралы куәлік көшірмесі;

- Денсаулық сақтау министрлігі бекіткен 026/у-3 формасы бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;

- 063/у формасы бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;

- 3х4 көліміндегі екі дана сурет.

Балаларды білім ордасына қабылдау бойынша комиссия 1 маусым мен 30 тамыз аралығында, үш ай бойы жұмыс істейді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1760724-elimizde-tek-zdik-okusylarga-arnalgan-synyptar-asuga-tyjym-salyndy.html