RU

Павел Кулагин келіншегімен қалай танысқанын айтып берді

Алматыдағы Түрксіб ауданының әкімі Павел Кулагиннің жеке өмірі оңтүстік астанаға көшіп келген соң үлкен өзгеріске ұшыраған. Шенеунік дәл осы қалада өз жұбайымен танысыпты деп хабарлайды Tengrinews агенттігіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: facebook
Фото: facebook: UGC

Шенеуніктің сөзінше, бұл кафедегі қарапайым танысу болған. Әйелінің есімі - Диана екен.

Аудан әкімі Диананың алматылық екенін, ол UIB университетінде журналистика факультетін тәмамдағанын айтады.

"Енді ол Кулагина", - дейді ол.

Айта кетейік, Павел Кулагин өткен жылы жазда Алматы қаласы Түрксіб ауданы әкімі болып тағайындалған.

2018 жылдың 13 қазан күні ең тартымды күйеу жігіттердің бірі тойын Астанада өткізген еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1760732-pavel-kulagin-kelinsegimen-kalaj-tanyskanyn-ajtyp-berdi.html