Выйти
RU

Атырауда Комсомол мерейтойын тойламақ болғандардың масқарасы шықты

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Атырау қаласындағы Құрманғазы атындағы Мәдениет үйінде Комсомол ұйымының құрылғанына 100 жыл толуына орай жоспарланған мерекелік іс-шара белгісіз себептермен өтпей қалды. Салтанатты жиын кеше, 29 қазан күні өтуі тиіс болатын деп хабарлайды "Ақ Жайық" басылымына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Атырауда Комсомол мерейтойын тойламақ болғандардың масқарасы шықты

Фото: "Ақ Жайық" газеті

Қазан айында еліміздің бірқатар өңірлеріндегі бірнеше мектептерде Комсомол ұйымының құрылғанына 100 жыл толуына орай сынып сағаттары өтіп, өзге де іс-шаралар белсенді түрде ұйымдастырылды. Бірнеше ірі қалаларда мерекелік шаралар өтіп, бұл жайт қоғамдастық тарапынан үлкен сынға ұшырағаны да белгілі.

Бірақ, неге екені белгісіз, Атыраудағы Құрманғазы атындағы Мәдениет үйінде кеше болады деп жоспарланған салтанатты жиын болмай қалды.

Атырау облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Жасұлан Бисембиев болса, облыс мектептерінде өткен іс-шаралар тарихқа деген құрмет екеніне сенімді. Оның пікірінше, бұл шаралардың артында ешқандай идеология жоқ.

"Бірнеше мектепте тарих пәні кезінде ашық сабақ түріндегі шаралар өтті. Оған бұрынғы комсомол партиясының қызметкерлері қатысып, олар аталған ұйымның қызметі қандай болғанын түсіндіріп берді. Бұл қандай да бір партияны қолдау мақсатында ұйымдастырылған үгіт-насихат жұмыстары емес, себебі комсомол деген - партия емес, тарих", - дейді Бисембиев.

Сонымен бірге, шенеунік мұндай шараларды мектепте өткізу туралы кім өтініш білдіргенін айтып берді.

"Комсомол партиясының ардагерлері Атырау облыстық білім басқармасына хат жазып, рұқсат алған", - деді Бисембиев.

Ал облыстық Мәдениет үйінде өтеді деп жоспарланған шараға қатысты ол әкімдіктің бұл шараға еш қатысы жоқ екенін жеткізді. Айтуынша, партия ардагерлері залды өз ақшасына жалға алып, жиын өткізуді жоспарлапты.

"Олармен кездесіп, бұл шараны басқаша форматта өткізу туралы ұсыныс жасалды", - деп қысқа қайырды шенеунік.

Еске салсақ, комсомолдың құрылғанына 100 жыл толуына байланысты еліміздің бірнеше қаласында мерекелік шаралар болып өткен еді.

Мәселен, 21 қазан күні Абай атындағы опера және балет театрында комсомолдың 100 жылдығы дүркіретіп атап өтіліп, сыйлы қонақтардың арасында Қазақстанның Ресейдегі елшісі Иманғали Тасмағамбетов те болған.

Ал елімізге белгілі ақын Айтақын Бұлғақов "Алатау" газетіне "Жетісу жастарының көсемдері" атты үш беттік мақала шығарған. Сондай-ақ, Азат Перуашев комсомол күнімен құттықтаған депутаттарға шүйліккен еді.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Атырауда Комсомол мерейтойын тойламақ болғандардың масқарасы шықты