RU

Анасына тосын сый жасамақ болған астаналық қыздан төрт күннен бері хабар жоқ (фото)

Астанадағы колледждердің бірінде оқитын Александра Сыздықова есімді 18 жастағы бойжеткен жоғалып кетті. Анасына тосын сый жасамақ болған аруды жақындары төрт күннен бері іздеп жатыр деп хабарлайды NewTimes.kz агенттігіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Александра Сыздықова. Фото:newtimes.kz
Александра Сыздықова. Фото:newtimes.kz: UGC

Аспаздық бөлімде оқитын арудың анасы Александраның құрбыларына хабарласып, қызының бірнеше күннен бері байланысқа шықпағанын айтқан.

Ал Александраның құрбылары оның 27 қазан күні анасына тосын сый жасау үшін Петропавлға кетіп қалғанын жеткізді.

"Қызымыздың кураторы оның сабаққа да келмегенін айтты. Өзіміз де Александраның жоғалып кеткенін кеше білдік. Қатты уайымдап отырмыз", - дейді Сыздықованың туысы.

Сондай-ақ Валентинаның (жоғалған қыздың туысы) айтуынша, олар вокзал әкімшілігі арқылы Александраның ешқандай билет сатып алмағанын білген.

Александра Сыздықованың туыстары қыздары жайлы ақпарат білген жағдайда +7 771 533 10 44 нөміріне хабарласуды сұрайды.

Айта кетейік, бойжеткеннің сол қолында татуировкасы бар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1760739-anasyna-tosyn-syj-zasamak-bolgan-astanalyk-kyzdan-trt-knnen-beri-habar-zok-foto.html