RU
Стилін өзгерткен Роза Әлқожаны көпшілік танымай қалды (фото)
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Стилін өзгерткен Роза Әлқожаны көпшілік танымай қалды (фото)

Рассказать Вконтакте

Балаларының алды колледж бітіруге таяған шақта Роза Әлқожа стилін өзгертіп жіберді. Әншіні қазақы нақыштағы киімдерімен есте сақтаған оқырмандар оны бір дегеннен танымай қалған деп жазады NUR.KZ.

Бес балалы әнші көпшіліктің сырт келбетіне айтатын сынынан шаршаған болуы керек, бір күнде шашын қиып тастаған.

Өзінің үнемі өлім жайлы ойлайтынын айтатын әнші, бұл жолы суреттерінің астына "Мен сені сүйем, өмір", - деп жазба да қалдырыпты.

Роза Әлқожаның макияжы да жаңа шаш үлгісіне жараса кеткен.

Әншінің тосын өзгерісі оқырмандарды да бей-жай қалдырмапты. Олар Розаның сұлулана түскеніне тамсана пікір білдірді.

"Мына стиліңіз өзіңізге құйып қойғандай жарасады екен", "Әдемісіз", "Өзіңізді енді тапқан секілдісіз", "Осылай әдемі болып жүрсеңізші".

"Алғашында сізді танымай қалдым", "Айтарлықтай өзгеріп кетіпсіз" деп пікір білдірді желі қолданушылары.

Айта кетейік, осыдан біраз уақыт бұрын Роза Әлқожа күйеуіне "Аппағым" деп ән арнап, бейнебаян түсірген болатын.

Естеріңізге сала кетейік, Роза Әлқожаның әндерін біздің MusicNur қосымшасынан тыңдай аласыздар.

Сіздің реакцияңыз
4
11
1
0
3
25
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel