RU

"Рухани жаңғыруды" желеу етіп, Комсомолдың 100 жылдығын тойлағандар қызу талқыға түсті

Комсомол партиясының мерейтойы аясында елімізде өткізіліп жатқан түрлі шаралар бүгінгі күні қоғам тарапынан үлкен сынға ұшырауда. Бұл тақырып аясындағы дау әлі күнге дейін толастар емес. Осы орайда, Facebook әлеуметтік желісінің қолданушысы Артур Нығметов өзінің жеке парақшасында "Рухани жаңғыру" бағдарламасын желеу етіп, Комсомолдың 100 жылдығын тойлағандарды сынға алды деп жазады NUR.KZ.

"Рухани жаңғыруды" желеу етіп, комсомолды тойлағандар елдің ашуына тиді
Фото: Facebook/Arthur Nigmetov: UGC

Ол Facebook парақшасына мерекелік іс-шарада түсірілген бірнеше сурет жүктеп, желіде қызу пікірталас тудырған.

"Рухани Жаңғыруды" желеу етіп, өңірлерде Комсомол партиясының 100 жылдығын дүркіретіп атап өтуде", - деп жазған ол суреттің астына.
"Рухани жаңғыруды" желеу етіп, комсомолды тойлағандар елдің ашуына тиді
Фото: Facebook/Arthur Nigmetov: UGC

Айта кету керек, суреттегі іс-шара еліміздің қай өңірінде өтіп жатқаны белгісіз.

Естеріңізге салсақ, өткен аптада Алматыда ірі қоғам қайраткерлері мен шенеуніктердің қатысуымен мерекелік жиын өткен еді.

Ал кеше Астанада өткен үкімет сағатында алғашқы болып сөз алған Божко депутаттарды аталған "мерекемен" құттықтап, әріптесі Азат Перуашевтің шамына тиген. Перуашев оған Комсомолдың бұл мерейтойы елімізде ресми тойланбайтынын еске салған болатын.

Сондай-ақ, Атыраудағы Мәдениет үйінде кеше, 29 қазан күні өтеді деп жоспарланған жиын белгісіз себептермен өтпей қалды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1760756-ruhani-zagyrudy-zeleu-etip-komsomoldy-100-zyldygyn-tojlagandar-kyzu-talkyga-tsti.html