RU

Бразилияда танымал клубтың футболшысын айуандықпен өлтіріп кетті

Бразилияда "Сан-Паулу" футбол клубының ойыншысын азаптап өлтірген. Даниэл Фрейтестің денесі Сан-Жозе-дус-Пиньяйс елді мекеніндегі қамыс арасынан табылған деп жазады eurosport.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: eurosport.ru
Фото: eurosport.ru: UGC

TalkSport басылымының мәліметінше, қаскөйлер ер адамның мойнына екі мәрте пышақ сұққан. Оған қоса, футболшыны өлтірмес бұрын қылмыскерлер оның жыныс мүшесін кесіп тастаған.

Даниэл өнер көрсеткен "Сан-Паулу" футбол клубы аяқдопшының өлімі туралы ресми мәлімдеме жасады.

Қазіргі таңда, оқиғаға байланысты тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1760759-braziliada-tanymal-klubty-futbolsysyn-ajuandykpen-ltirip-ketti.html