RU

Күйеуімен жыныстық қатынасқа түсуден бас тартқан әйел ажал құшты

Тәжікістан соты жыныстық қатынасқа түсуден бас тартқан әйелін өлтірген Фаррух Халифаевті 11 жылға бас бостандығынан айырды. Бұл туралы ca-news.org агенттігіне сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Көрнекі фото: naviny.by
Көрнекі фото: naviny.by: UGC

Оқиға 18 шілде күні орын алған. Содан бір күн бұрын Фаррух Халифаев Ресейден оралған екен.

Сот отырысында Халифаев әйелін жыныстық қатынасқа түсуден бас тартқаны үшін өлтіргенін мойындады.

Оқиға болған күні үйлерінде марқұм әйелдің әпкесі қонақта болған екен.

"Сол күні біз олардың үйінде қонақта болатынбыз. Олардың ұрсып жатқандарын естідік. Сіңлім онымен қосылудан бас тартты, себебі көрші бөлмеде біз жатқан болатынбыз", - деді марқұмның әпкесі Нигина Раззокова.

Фаррух Халифаев алдымен әйелін бетінен жұдырықпен ұрып, сосын ішіне бірнеше рет пышақ сұққан.

"Біз бөлмеге кірген кезде, сіңлім қансырап жатты", - деді Нигина Раззокова.

Марқұмның туыстары сот үкімін тым "жұмсақ" деп тауып отыр. Олар сот үкіміне шағымданып, қылмыскерге қатаң жаза қолданылуын талап етпекші.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1760765-kjeuimen-zynystyk-katynaska-tsuden-bas-tartkan-jel-azal-ksty.html