RU

Қырғыз бен түрік президенттері Нурмагомедовты жеңісімен құттықтады (фото)

Түркия және Қырғызстан президенттері Хабиб Нурмагомедовты жеке қабылдап, оны мансабындағы аса маңызды жеңісімен құттықтаған. Реджеп Тайып Ердоған мен Сооронбай Жээнбеков Конор Макгегорді тізе бүктірген ресейлік спортшымен Түркияда кездескен деп жазады kaktus.media сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Бұл туралы Хабибтің әкесі әрі бапкері Абдулманап Нурмагомедов өзінің Instagram парақшасында хабарлаған.

"Қырғызстан бізді үнемі жоғары деңгейде қарсы алады. Сооронбай Жээнбеков Хабибті UFC 229 турниріндегі жеңісімен жеке құттықтады", - деп жазды Нурмагомедов.

Хабиб болса Ердоғанмен кездесуі кезіндегі суретті өз парақшасына жүктеп, Түркия көшбасшысымен кездескеніне қуанышты екенін жеткізген.

Айта кетейік, Сооронбай Жээнбеков Түркияға Ердоғанның арнайы шақыртуымен барған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1760769-kyrgyz-ben-trik-prezidentteri-nurmagomedovty-zeisimen-kttyktady-foto.html