RU

Түнгі клубқа 16 жастағы қызбен барған жігіттің басы бәлеге қалды

Самарқанда түнгі клубқа 16 жастағы қызбен бірге барған ер адамды айыппұл төлеуге міндеттеген. Бұл туралы ca-news.org сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ порталы хабарлайды.

Көрнекі фото: Медиа Центр
Көрнекі фото: Медиа Центр: UGC

Сармарқандағы түнгі клубтарға рейд жүргізу барысында тәртіп сақшылары алкогольдік ішімдікке масайған мектеп оқуышысын тапқан.

9-сыныпта оқитын қыз көңіл көтеру алаңына 1995 жылғы азаматпен бірге келіпті.

Осыдан кейін ер адамға Өзбекстанның әкімшілік кодексіне сәйкес хаттама толтырылған. Енді ол 10-20 АЕК көлемінде айыппұл төлеуге міндеттеледі. (1 АЕК 23 долларға тең).

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1760780-tngi-klubka-16-zastagy-kyzben-bargan-zigitti-basy-blege-kaldy.html