RU

Италияда қауіптіліктің "қызыл" деңгейі жарияланды (фото, видео)

Демалыс күндері Италияда қатты жауын-шашын болып, елдің солтүстік аумағында ауа райы қауіптілігінің "қызыл деңгейі" жарияланды. Табиғи жағдай салдарынан қаза болғандар туралы да ақпарат тараған. Дүйсенбі күні Венецияның тарихи орталығын 75 пайыз су басқан деп хабарлайды РИА Новости-ге сілтеме жасаған NUR.KZ.

Венеция. Фото: tsn.ua
Венеция. Фото: tsn.ua: UGC

Италияның түрлі аймақтарында ағаштар құлап, көшелерін су басып, теміржол қозғалысы қиындаған. Сондай-ақ электр беру жүйесі зақымданған.

Венециядағы су мөлшері теңіз деңгейінен 156 сантиметрге көтерілген. Тек содан кейін ғана ол біртіндеп төмендей бастапты.

Венеция. Фото: tsn.ua
Венеция. Фото: tsn.ua: UGC

Алайда қала тұрғындары мұндай жағдайға үйреніп қалғандарын айтып, оны мезгілдік құбылыс деп отыр.

Венеция. Фото: tsn.ua
Венеция. Фото: tsn.ua: UGC

Мамандардың айтуынша, африкалық сирокко желі Адрия теңізінен Венециан шағын мүйісіне суды айдап алып келеді. Сол жақтағы каналдар арқылы су қалаға ағып, көшелерге таралатын көрінеді.

Венеция. Фото: tsn.ua
Венеция. Фото: tsn.ua: UGC

Қаланың ең төменгі нүктесі Сан-Маркода су басудың ең жоғары көрсеткіші байқалған.

Осыған байланысты, туристер көп келетін орынды уақытша жауып қойған. Ондағы кейбір дүкендер мен мейрамханалар да әзірге жұмысын тоқтатқан.

Венеция. Фото: tsn.ua
Венеция. Фото: tsn.ua: UGC

Италияда жауын-шашын салдарынан тоғыз адамның көз жұмғаны туралы ақпарат бар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1760788-italiada-kauiptilikti-kyzyl-degeji-zarialandy-foto-video.html