RU

Әлемдегі ең сенімді көліктер рейтингі шықты

Америкалық Consumer Reports журналы ең сенімді автокөліктердің рейтингін жасап шығарды деп жазады lenta.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

1gai.ru
Көрнекі фото:1gai.ru: UGC

Consumer Reports журналының нұсқасы бойынша ең сенімді автокөліктер рейтингінде бірінші орынды жапондық Lexus сауда маркасы еншіледі. Былтырғы жылдың көшбасшысы Toyota екінші орынға ығысты. Lexus GS автокөлігі ең сенімді болып танылды.

Сенімділік жағынан үшінші орынға Mazda көлік маркасы орналасты. Оның CX-9 кроссовері мен MX-5 родстер моделдері қолданушылардың оң пікірлерін алып, Mazda тоғыз саты жоғары көтерілді. Төртінші орынға жапондық Subaru маркасы орналасты.

Ал үздік бестікті Kia маркасы аяқтаған. Ол соңғы бір жылда екі саты төмендеген.

Алтыншы орынға Infiniti орнықса, еуропаның ең үздік бренді болып Audi маркасы танылды. Ол үздіктер тізімінің жетінші сатысына орналасты.

Рейтинг 500 мың автоқолданушылардың 2017 жылғы пікірлерінің негізінде жасалған. Зерттеу аясында оқырмандар соңғы 12 айда көліктеріне қатысты туындаған қиындықтарын хабарлап отырған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1760790-lemdegi-e-senimdi-klikter-rejtingi-sykty.html