RU

Бір күн әйел кейпіне енген жігіт ақыры нәзік жандыларды түсіне алмаған

Жапониялық SoraNews басылымының тілшісі Ахиру Неко бір күн бойы әйел кейпіне енуді жөн көрген. Азамат бояну мен киінуді талап ететін бұл тәжірибесін экслюзивті мақаласы үшін жасаған деп хабарлайды Bigpicture.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: bigpicture.ru/ Коллаж: NUR.KZ
Фото: bigpicture.ru/ Коллаж: NUR.KZ: UGC

Азамат "бір күнге әйел болу" жоспарын өте жауапты орындаған. Ол таңертеңнен бастап өзінің бет-әлпетін өзгерту үшін стилистерге барған екен.

Тілші үстіндегі киіміне баса назар аударыпты. Ол жұмысына ұзын белдемше мен жеңі ұзын жейде, биік өкшелі туфли киіп барған.

Фото: bigpicture.ru
Фото: bigpicture.ru: UGC

Ахиру қанша тәжірибе жасаса да, биік өкшелі туфлиді бірінші рет киіп тұрғанын және қатты қиналғанын жасырмаған. Себебі, әдетте жұмысқа 7-10 минутта баратын жігіт бұл жолы 15 минуттан көп жүрген екен.

Фото: bigpicture.ru
Фото: bigpicture.ru: UGC

Сондай-ақ, азамат аяқ киімі жердің ойықтарына түсіп кете ме деп қатты қорыққанын да айтады.

Фото: bigpicture.ru
Фото: bigpicture.ru: UGC
"Мына кішкентай таяқшалар менің салмағымды қалай көтереді!", - дейді таң қалған журналист.

Неко үшін ең қиын істердің бірі еңіс жерлерден жүру болыпты. Ол дүкеннен шыққанда нағыз жардың қасында тұрғандай сезінгенін жеткізген.

Фото: bigpicture.ru
Фото: bigpicture.ru: UGC

Сондай-ақ, биік өкше киген тілші өзін көлік немесе велосипед қағып кете ме қатты үрейленгенін де жасырмады. Бақытына орай, Ахиру аман-есен тәжірибесін аяқтаған екен.

Бұл тәжірибеден соң Ахиру енді ешқашан жай жүретін қызға ашуланбаймын деп шешіпті. Журналист арулардың түзу жүруі қанша еңбекті талап ететінін түсінсе де, олардың неге соншалықты ыңғайсыз аяқ киіммен жүретініне ақыры түсінбеген.

Фото: bigpicture.ru
Фото: bigpicture.ru: UGC

Бір күн бойы қыз кейпіне еніп, арулардың жан дүниесін түсінуге тырысқан тілші арулардың бет әрлеуге неге сонша уақыт жұмсайтынын да ұға алмапты.

Фото: bigpicture.ru
Фото: bigpicture.ru: UGC

Ал жұмыс күнінің соңында ол өз киімін рақаттана киген екен.

Фото: bigpicture.ru
Фото: bigpicture.ru: UGC

Тәжірибесін әрең аяқтаған журналист енді ешқашан әйел болып киінбейтінін айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1760792-bir-kn-jel-kejpine-engen-zigit-akyry-nzik-zandylardy-tsine-almagan.html